GENESIS Engineering Project management Corporation – 2006 жылдан бері технологиялық объектілерді әзірлеу мен салу нарығында табысты жұмыс істеп келе жатқан инжиниринг компаниясы.
Біз құрылысшы, инженер және IT құзыреттерін мынадай қайшылықты жою үшін біріктірдік: «сапа – құны – мерзімі».
Кәсіби мамандар командасын ғимараттарды, сондай-ақ күрделі ІТ-жүйелерді жобалау мен салуда үлкен тәжірибесі бар жетекші инженерлер мен жоба менеджерлері құрайды.
Компания кез келген күрделіліктегі деректерді өңдеу орталықтарын озық технологияларды қолдана отырып жобалауды, салуды және пайдалануды жүзеге асырады, мұнай мен газды тасымалдау процестеріне инжинирингтік сүйемелдеу көрсетеді, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы инженерлік инфрақұрылымды жобалайды.
Біздің компания EPC (Engineering, procurement and construction) қағидатын ұстанады — жобаны жұмыстың басынан аяғына дейін сүйемелдеу.
Біз – өңірдегі BIM (ағыл. Building Information Modeling) технологияларын қолданатын санаулы инжиниринг компанияларының бірміз.
3D-модельді жасау және арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану жобалау кезінде қателіктер жіберу ықтималдығын айтарлықтай азайтады. Сонымен қатар бұл ресурстарды ең оңтайлы пайдалануға мүмкіндік береді. Құрылыс басталмай тұрып-ақ біз объектінің барлық жабдықтарын, жүйелерін және олардың қиылысу нүктелерін қамтитын сандық егізін іс жүзінде жасаймыз.

Лицензиялар және патент
- ГСЛ № 03357 мемлекеттік лицензиясы — жобалау қызметі, I санат (алғаш рет 22.12.2008 берілген).
- ГСЛ № 04612 мемлекеттік лицензиясы — құрылыс-монтаж жұмыстары, III санат (алғаш рет 22.12.2008 берілген).
- «Модульдік деректерді өңдеу орталығы және оны құру тәсілі» пайдалы моделіне Қазақстан Республикасының патентін беру туралы шешім (өтінім 26.05.2025 күні).
Компаниялар тобы
GEPmC құрылтайшысы — «Mega Data Center» ЖШС, деректерді өңдеу орталықтарын девелопменттеу және басқару жөніндегі компания. Бауырлас компаниялар — дистрибьюторлық-логистикалық KCC Distribution және Genesis Design Works.