EPC-келісімшарт

Объектілерді «кілтке дейін» салу, оның ішінде инжиниринг, жабдықтау, құрылыс және іске қосу-баптау жұмыстарын басқару, сондай-ақ жұмыс кестесінің сақталуы мен бюджеттің орындалуын бақылау.

  • тапсырыс берушімен бірге жобалық шешімдерге қойылатын нақты талаптарды қалыптастырамыз;
  • барлық қажетті рұқсат құжаттарын алуды өз мойнымызға аламыз;
  • мәлімделген талаптарға сәйкес 3D форматында жобалау-сметалық құжаттаманың толық жинағын әзірлейміз;
  • жұмыс жобасына ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысын алуды қамтамасыз етеміз;
  • барлық қажетті технологиялық жабдықты орнатамыз;
  • ҚР нормативтік талаптарына сәйкес құрылыс жүргіземіз;
  • барлық технологиялық жабдықты іске қосамыз;
  • объектіні пайдалануға береміз.

Біз кәсібилікке, орындау мерзімдеріне және әрбір жобаға шығармашылықпен қарауға кепілдік береміз, мұның бәрі техникалық аудитпен және сапаны тұрақты бақылаумен қатар жүреді.
Әртүрлі салалардағы жобаларды іске асыру тәжірибесінің арқасында біз кез келген күрделіліктегі нақты міндет үшін оңтайлы шешімдерді ұсынамыз.

Орындалған жобалар

Нысаныңызды талқылайық