BIM-модельдеу

Біз елімізде BIM (ағыл. Building Information Modeling) технологияларын қолданатын сирек инжиниринг компанияларының біріміз. Осы технологияның арқасында біздің мамандар ғимараттар мен объектілерді одан да тиімді жоспарлап, жобалап, салып және пайдалана алады.

Отандық инжиниринг компанияларының кейбірі BIM-ді қолданып жатқанымен, ДӨО, сауда және бизнес орталықтары сегментінде бүгінде жобаны 3D форматында тек біздің компания орындайды.

3D-модель жасау және арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану жобалау кезінде қателіктер жіберу ықтималдығын айтарлықтай азайтады. Сондай-ақ бұл ресурстарды ең оңтайлы тәсілмен пайдалануға мүмкіндік береді.

Құрылыс басталмай тұрып-ақ біз объектінің іс жүзінде цифрлық егізін жасаймыз, оған барлық жабдық, жүйелер және олардың қиылысу нүктелері кіреді.

Орындалған жобалар

Нысаныңызды талқылайық