Kaspersky Anti Targeted Attack платформасы – Extended Detection and Response («кеңейтілген анықтау және ден қою») сыныбындағы шешім, ол күрделі қауіптер мен мақсатты шабуылдардан кешенді қорғауды қамтамасыз етеді және әлеуетті қауіптердің барлық кіру нүктелерін – желіні, веб-трафикті, электрондық поштаны, дербес компьютерлерді, ноутбуктерді, серверлерді және виртуалдық машиналарды бақылауға мүмкіндік береді. Кіріктірілген озық анықтау және талдау технологияларына қосымша, платформа қауіптер туралы талдамалық деректермен (Threat Intelligence) байытылады және анықталған оқиғаларды қылмыскерлердің тактикалары мен техникалары жөніндегі MITRE ATT&CK білім қорымен салыстырады.
Kaspersky Anti Targeted Attack платформасы Kaspersky EDR-мен бірыңғай агент арқылы бизнеске арналған Kaspersky Security-мен толық интеграцияланады. Платформа сондай-ақ сенсор рөлін атқаратын, платформа тапқан желі деңгейіндегі неғұрлым күрделі қауіптерге автоматты түрде ден қоюға мүмкіндік беретін пошта серверлеріне арналған Kaspersky Security және интернет-шлюздерге арналған Kaspersky Security шешімдерімен интеграцияланады.
Kaspersky Anti Targeted Attack платформасы мынаған мүмкіндік береді:
- корпоративтік инфрақұрылымды күрделі қауіптер мен мақсатты шабуылдардан қорғаудың бірыңғай сенімді жүйесін енгізу
- ақпараттық қауіпсіздік қызметіне түсетін жүктемені азайту
- кешенді инциденттерді тергеу және оларға ден қою процесінің шығындарын оңтайландыру
- реттеушілердің талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету
Негізгі мүмкіндіктер
- Көп деңгейлі архитектура желілік, пошталық және интернет-сенсорлардың, сондай-ақ жұмыс орындарындағы агенттердің бірлескен жұмысы арқасында толық ашықтықты қамтамасыз етеді.
- Қуатты талдау модульдері желілік сенсорлардың (желілік трафикті талдау) және жұмыс орындары агенттерінің (EDR функционалдығы) деректерімен жұмыс істеп, үкімдерді жылдам шығаруды қамтамасыз етеді.
- Жоғары өнімді құмсалғыш күдікті объектілерді оқшауланған ортада іске қосуға және оларды көп деңгейлі талдауға мүмкіндік береді. Талданатын объектілердің мінез-құлқын егжей-тегжейлі зерттеу, сондай-ақ анықталған күдікті белсенділікті MITRE ATT&CK білім қорымен салыстыру мүмкіндіктері күрделі инциденттерге жедел ден қоюға жағдай жасайды.
- Ретроспективті талдау – соның ішінде соңғы құрылғылар қолжетімсіз және деректер шифрланған жағдайларда да. Бұл деректерді, объектілерді және үкімдерді орталықтандырылған қоймаға автоматтандырылған жинаудың арқасында мүмкін болады.
- Екі режимде жұмыс істейтін қауіптер аналитикасы – Kaspersky Security Network жаһандық беделдік деректерімен автоматты салыстыру және Kaspersky Threat Intelligence порталына қолжетімділік.
- Күрделі қауіптерді автоматты іздеу. Оқиғалар шабуыл индикаторларының бірегей жиынтығымен және қылмыскерлердің тактикалары мен техникаларының, ден қою бойынша нақты сипаттамалары, мысалдары және ұсынымдары бар MITRE ATT&CK білім қорымен салыстырылады.
- Бизнесті күрделі шабуылдардан кешенді қорғау. Талдаушылар қалыптан тыс мінез-құлықты, MITRE ATT&CK техникаларын, сондай-ақ сіздің инфрақұрылымыңызға тән күдікті белсенділік пен қауіптерді іздеу үшін күрделі сұраныстар жасай алады
Kaspersky Anti Targeted Attack платформасының артықшылықтары
- Ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін азайту
- ІТ және АҚ департаменттері қызметкерлері жұмысының өнімділігі мен сапасын арттыру
- Еңбек шығындарын оңтайландыру
- жоғары білікті кадрлар
- Күнделікті қолмен жасалатын операциялар санын азайту
- Қосымша еңбек шығынсыз өңделетін инциденттер санын арттыру
- АҚ инциденттері туралы ақпаратты ішкі және сыртқы реттеу мен салалық заңнама талаптары шеңберінде жинау, сақтау және ұсыну
Өңірлік және халықаралық заңнамаға сәйкестік
Kaspersky Anti Targeted Attack платформасы ұйымдарға банк саласының стандарттарына, PCI DSS-ке, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Мемлекеттік техникалық қызметінің нормативтік талаптарына сәйкес болуға көмектеседі.Kaspersky Endpoint Detection and Response
Kaspersky Endpoint Detection and Response (EDR) – АҚ мамандарына жұмыс орындары мен серверлер инфрақұрылымындағы оқиғалардың толық суретін беретін және оларды күрделі қауіптер мен APT-шабуылдардан тиімді қорғауды қамтамасыз ететін қуатты ақпараттық қауіпсіздік жүйесі.
Kaspersky EDR жұмыс орындарын сенімді қорғауды ұсынады және SOC-тың тиімділігін арттырады. Шешім барлық жұмыс орындарындағы қауіпсіздік оқиғалары туралы ақпаратты жинауды, жазуды және орталықтандырылған сақтауды қамтамасыз етеді, бұл ұзаққа созылған шабуылдарды тергеу кезінде, тіпті жұмыс орындары қолжетімсіз болғанда, сондай-ақ қылмыскерлер деректерді шифрлап немесе жойып жібергенде де ретроспективті деректерге жедел қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бірегей шабуыл индикаторларына (IoA) негізделген кеңейтілген тергеу функциялары, қылмыскерлердің тактикалары мен техникалары жөніндегі MITRE ATT&CK білім қорымен салыстыру, сұраныстар жасаудың икемді құралы және Kaspersky Threat Intelligence порталына қолжетімділік – мұның бәрі қауіптерді тиімді анықтауды және инциденттерге жылдам ден қоюды қамтамасыз етіп, ықтимал залалдың алдын алуға мүмкіндік береді.
Негізгі артықшылықтар:
- Kaspersky EDR жұмыс орындарын қорғау платформасын – бизнеске арналған Kaspersky Security-ді – толықтырады, қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттыратын қуатты анықтау, тергеу және ден қою функцияларын ұсынады. Жаппай қауіптерден автоматты қорғау мен күрделі шабуылдардан кеңейтілген қорғауға арналған бірыңғай агент инциденттерді басқаруды жеңілдетеді және қосымша қызмет көрсету шығындарын барынша азайтады. Жұмыс орындарына ешқандай қосымша жүктеме және ешқандай қосымша шығын жоқ – тек соңғы құрылғылар мен серверлердің күрделі және мақсатты шабуылдардан сенімді қорғалғанына сенімділік.
- Kaspersky EDR цифрлық дәлелдемелерді алғашқы жинауға және телеметрияны талдауға қажетті уақытты қысқартады, бұл инциденттерге ден қою жылдамдығын сағаттардан минуттарға дейін арттырады. Шешім күрделі және APT-қауіптерді анықтау, басымдық беру, тергеу және бейтараптандыру бойынша күнделікті міндеттерді барынша автоматтандырады. Автоматтандырудың жоғары дәрежесі мен пайдалану ыңғайлылығы АҚ мамандарының тартылу деңгейін арттырады және сапалы өңделген инциденттер саны жалпы өскен кезде қосымша ресурстарды тарту қажеттілігін азайтады.
- Kaspersky EDR Kaspersky Anti Targeted Attack (KATA) платформасының құрамына кіре алады, соның арқасында EDR мүмкіндіктері желі деңгейінде озық қауіптерді анықтау функцияларымен үйлеседі. АҚ мамандары қауіптерді жұмыс орындары деңгейінде де, желі деңгейінде де бір мезгілде жан-жақты анықтауға қажетті барлық құралдарды алады. Шешім инциденттерді тиімді тергеуге, қауіптерді белсенді түрде іздеуге және оларға жылдам әрі орталықтандырылған түрде ден қоюға мүмкіндік береді.
- Инциденттерді анықтау және оларға ден қою жөніндегі қуатты корпоративтік шешімнің көмегімен қорғаныс тиімділігін арттыру
- Жұмыс орындары инфрақұрылымын бақылауды күшейту және озық технологиялардың көмегімен күрделі қауіптерді анықтау сапасын арттыру
- Бизнес жұмысына кедергі келтірмей, қауіптерді анықтау мен оларға ден қоюды автоматтандыру
- Ресурстарды оңтайлы бөле отырып, қауіптерді анықтау, инциденттерді басқару және оларға ден қою процестерін жолға қою
- Ішкі мониторинг және ден қою орталығының (SOC) тиімділігін арттыру
Байланыс
GEPmC сату бөлімі және жоба кеңсесі
info@gepmc.com · Алматы қ., Достық даңғылы, 282, 205-кеңсе