Инжиниринг

Біздің компания инженерлік және техникалық сипаттағы қызметтер көрсетеді, оларға алдын ала техникалық-экономикалық зерттеулер жүргізу, жоба сараптамасы, жобалау құжаттамасын әзірлеуді ұйымдастыру, сондай-ақ объект құрылысына техникалық қадағалауды жүзеге асыру жатады.

Инжиниринг жұмыстарының жалпы құрамы мен құрылымы

Жобаны техникалық сүйемелдеу

  • Негізгі технологиялық шешімдерге талдау жүргізу
  • Жобалауға түпкілікті тапсырманы қалыптастыру
  • Жобаның сапасына, іске асыру мерзіміне және бюджетіне әсер етуі мүмкін тәуекелдерді анықтау және жүйелеу
  • Тәуекелдердің жобаның сапасына, іске асыру мерзіміне және бюджетіне әсерін барынша азайту бойынша бақылау мен шаралар жөнінде ұсынымдар
  • Объект көрсеткіштерін талдау және жобаның техникалық талаптарына сәйкестігі туралы жиынтық есептер дайындау
  • Жобаны және объектіні Uptime Institute-та сертификаттауды сүйемелдеу

ЖСҚ әзірлеуді сүйемелдеу

  • Негізгі жобалық шешімдерді тексеру
  • Жабдық өндірушілердің түпкілікті портфелін қалыптастыру
  • Жұмыстарды ұйымдастыру барысын және жұмыс сызбаларын әзірлеу кестесінің сақталуын бақылау, проблемалық тұстарды анықтау, жұмыс барысына әсер ететін туындаған мәселелерді шешуге жәрдемдесу
  • Техникалық деректер, техникалық ерекшеліктер, функционалдық және жұмыс сызбалары сияқты жобалық материалдарды дайындауға бағытталған жұмыс барысында жалпы көмек көрсету, олардың техникалық шарттарға, техникалық шешімдерге сәйкестігін тексеру.

Материалдық-техникалық сүйемелдеу

  • Материал өндірушілердің түпкілікті портфелін қалыптастыру
  • Жабдық пен материалдарды сатып алуға тапсырыстардың уақтылы орналастырылуын бақылау
  • Құрылыс алаңында жабдықты инспекциялау және қабылдау

Құрылысқа техникалық қадағалау

  • Өндірістік алаңда жабдықты қабылдау сынақтарын бақылау
  • Аттестатталған сарапшылардың жұмыстың барлық түрлеріне техникалық қадағалауы
  • Жобаны іске асыру кестесін басқару және орындау бойынша апта сайынғы есептілікті қамтамасыз ету

Орындалған жобалар

Нысаныңызды талқылайық