Жобаларды басқару тобының жетекшісі Зульфия Анваровнаны IPMA А деңгейіндегі сертификатын (Жобалар директоры) алуымен құттықтаймыз.
Айта кету керек, Қазақстанда бүкіл кезең ішінде бұл емтиханды тек 25 маман тапсыра алды.
Осындай жобалардағы 14 жылдық расталған тәжірибенің болуы қатысуға және құжат алуға қойылатын ең төменгі талап болып табылады.
Сертификатты әлемдегі 78 сертификаттау орталығының бірі береді; ол менеджерлердің құзыреттілігіне қойылатын талаптарға жобаларды басқарудың нақты тәжірибесінде сәйкестігін және IPMA стандартын білуін тексереді.
Тамаша жоба менеджері болу жеткіліксіз. Компанияда менеджерлік құзыреттілікті толық көрсетуге болатын қызықты жобалардың болуы маңызды, яғни жоба кешенді, ауқымды, iрі және географиялық тұрғыдан таралған болуы тиіс.
Жоба бойынша есеп қосымшалар мен жобаның нақты құжаттарын есептемегенде, 70 беттен аспауы тиіс. Қорытынды аттестация бірнеше сағатқа созылады, бұған жоба менеджері ретінде жұмыс істеген кезеңде тапсырылатын емтихандар мен әңгімелесулер кірмейді.
Әрине, бұл еңбек қызметінен қол үзбей жүзеге асады, ал оның психологиялық шиеленісі әуе қозғалысы диспетчерлерінің жұмысымен салыстыруға келеді. Жапонияда жоба менеджері 8 жылдан астам жобаларды басқарса, оны сақтандыру көзделмейтіні белгілі.
Зульфия Анваровна ештеңенің мүмкін емес еместігін тағы бір рет дәлелдеді. Кім қаласа, сол әрқашан қойған мақсатына жетеді!
