Қаржы секторындағы АТ инфрақұрылымы және киберқауіпсіздік. Кейстер. Трендтер. Құралдар.

2022 жылғы 29 сәуірде Бішкек қаласында қаржы секторындағы АТ инфрақұрылымы мен киберқауіпсіздікке арналған конференция өтеді.
Ұйымдастырушылар — «AsiaInfo» компаниясы «GENESIS Engineering Project management Corporation» және «Kaspersky зертханасымен» бірлесіп.

Конференция барысында АТ инфрақұрылымын құрудың және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең басты тақырыптарын ашамыз:

  • Деректерді өңдеу орталықтары мен бұлттық сервистерді құру және басқару тәжірибесін ұсынамыз
  • Қаржы секторындағы АТ инфрақұрылымы мен киберқауіпсіздік саласындағы әлемдік тәжірибелер мен стандарттар мәселелерін ашамыз
  • Қаржы секторында ақпараттық қауіпсіздік саласындағы нормативтерді сақтау мәселелерін шешудің практикалық тәжірибесі мен тиімді жолдары туралы айтып береміз. Ақпараттық жүйелерге аудит жүргізудің практикалық тәжірибесі мәселелері
  • Онлайн сервистердің дамуы және кибершабуылдар мен оқиғалар тәуекелінің артуы жағдайында «Kaspersky зертханасының» антифрод, оқиғаларға ден қою бойынша ақпараттық жүйелердің жұмысының киберқауіпсіздігін қамтамасыз етудің инновациялық құралдары және ақпараттық қауіпсіздік бойынша кешенді шешімдері ұсынылады

Конференцияда спикер ретінде мыналар сөз сөйлейді:

  • Руслан Пушилин — Қазақстан Республикасы нарығында деректерді өңдеу орталықтарын салу және басқару, ақпараттық жүйелерді жобалау, салу және аудит жүргізу, АТ секторында жабдықтар мен инженерлік жүйелерді жеткізу бойынша көшбасшы болып табылатын компаниялар тобының иесі
  • Виталий Ли — Орталық Азия киберқауіпсіздік кәсіпқойлары қоғамы қоғамдық бірлестігінің төрағасы
  • Валерий Зубанов — Орталық Азиядағы «Kaspersky зертханасының» коммерциялық директоры

Барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша іс-шара модераторына хабарласыңыздар:

Тимур Джусупов
«AsiaInfo» ЖШС-нің финтех жөніндегі директоры
+7 977 910 37 49, +996 552 550 571

Нысаныңызды талқылайық