2020 жылы біздің командамыз Қазақстанның 9 қаласында ДАТА-орталықтарды жобалап, салды: Нұр-Сұлтан, Алматы, Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Қызылорда, Қарағанды, Жезқазған.
Барлық деректерді өңдеу орталықтары (ДӨО) техногендік және табиғи тәуекелдер ескеріліп, қауіпсіздік талаптарына сәйкес орналастырылған және резервтеу жүйесімен, сондай-ақ автономды үздіксіз жүйелермен жабдықталған.