
Қазақстанда тұңғыш рет! Біздің «GENESIS Engineering Project management Corporation» компаниямыз, «Kaspersky зертханасының» күміс серіктесі «Threat Management and Defense» мамандануын алды!
Бұл мамандану біздің IT-мамандардың бизнесті күрделі киберқауіптерден кешенді қорғауды жобалау, енгізу және сүйемелдеу саласындағы құзыреттерін растайды. Бұл IT-қауіпсіздік стратегиясының жаңа деңгейге көшуін білдіреді.
Kaspersky Threat Management and Defense бейімделгіш қауіпсіздік стратегиясын іске асыруды қолдау үшін озық технологиялар мен қызметтердің бірегей үйлесімін ұсынады, сіздің қауіпсіздік командаңызға шабуылдардың алдын алуға, жаңа бірегей қауіптерді тез анықтауға, ағымдағы инциденттерге жылдам әрі дәл әрекет етуге және болашақ қауіптерді болжауға көмектеседі.
Бұл шешімдер ұйымдардың ағымдағы стратегиясына кіріктіріледі және бизнесті мақсатты шабуылдардан қорғауға тұтас көзқарасты қамтамасыз етуге, компаниялардың инциденттерден болатын тікелей шығындарын азайтуға және қосымша ресурстарды тартпай-ақ ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін қысқартуға мүмкіндік береді.
«Threat Management and Defense» мамандануы аясында біздің мамандар шешімдер бойынша оқуды сәтті аяқтады және «Kaspersky зертханасы» компаниясының шешімдері негізінде инфрақұрылымды күрделі киберқауіптерден қорғау өнімдерін қалай сүйемелдеу керектігін біледі. Сұрақтар бойынша біздің компания мамандарына мына мекенжайға жазып хабарласуға болады: info@gepmc.com